8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
D114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен бұйымдарының, сондай-ақ басқа да азық-түлік емес тауарлардың қауіпсіздігі саласында жоғары білімді, іргелі дайындалған, креативті ойлайтын, бәсекеге қабілетті және үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделген ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері
жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылым дамуының қазіргі бағыттары мен заңдылықтарын түсінеді
тоқыма материалдары мен азық-түлік емес тауарлардың қауіпсіздігін талдау және бағалау әдістерін, жаңа білімдерді талдайды және генерациялайды
тоқыма материалдары мен азық-түлік емес тауарларды сертификаттық сынау нәтижелерін талдай алады, азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігін зерттеу әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейд
зерттеу әдістері мен құралдарын пайдалана отырып қызмет объектілерінің (шикізат, иірімжіп, мата, трикотаж жаймалар мен бұйымдар, тоқыма емес материалдар және т. б.) қауіпсіздік көрсеткіштерін сыни талдайды
ғылыми зерттеулер мен ұжымдарды басқару кезінде кәсіби қызмет саласының міндеттерін шешу бойынша өз көзқарасының дәлелді баяндалуын көрсетеді
өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін өзгертуге, жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше оқытуға қабілетін көрсетеді
азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін терең мамандандырылған кәсіби теориялық білімді қолданады
азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігін арттыру үшін неғұрлым негізделген инновациялық шешімдерді талдайды және қолданады
ғылыми мәтіндерді жазу, құрылымдау, форматтау, сипаттау стилі мен әдістерін таңдау қабілетіне ие